Синдаров Карлсенмен матчтан кейін Асаубаеваны қолдады: қазақстандық шахматшының реакциясы
Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров Будапештте (Венгрия) өткен Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде шахматтан 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсенмен кездескеннен кейін қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваны қолдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Асаубаева Синдаровтың Telegram желісіндегі видеоүндеуін жариялады. Өзбек шахматшысы оның атақты қарсыласпен ойынын әзілмен бағалап, дебюттегі дайындығын да ерекше атап өтті.
«Шынымды айтсам, біз сенің достарыңбыз, сені ол жақта сәл «жерлеп» те қойдық. Жарайсың, сені мақтан тұтамын. c5, c6 жүрістері өте жақсы шықты. Ақылды қызсың», - деді Синдаров.
Қазақстандық шахматшы қолдау сөздеріне әзілмен жауап берді.
«Маған соншалықты сенеді, тіпті не дерімді білмеймін. Ал шынымен айтсам, қолдау білдірген баршаңызға рақмет, соңғы күндері қолдау өте көп болды», - деп жазды Асаубаева.
Сондай-ақ Бибісара Карлсенмен өткен екі күндік матчты қорытындылады. Ол тарихтағы ең мықты шахматшылардың бірімен ойнау мүмкіндігіне қуанатынын, дегенмен бұдан да жақсы нәтиже көрсетуді көздегенін айтты.
Қазақстандық шахматшының айтуынша, бірнеше партияда жеңіске жетуге жақсы мүмкіндігі болған. Нәтижесінде рапид пен блицте бір-бірден тең ойынға қол жеткізді.
Кездесу норвегиялық шахматшының жеңісімен аяқталды. Карлсен қажетті басымдықты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткеннен кейін жылдам классика форматындағы соңғы партияға екі рет шығудан бас тартты. Бірінші күні ол 11,5:8,5 есебімен жеңіске жетсе, екінші күні матч 10:2 есебімен аяқталды.
Жеңіліске қарамастан, Асаубаева турнирдегі өнерін жалғастырып, 19-орын үшін ойнайды. Карлсен 17-орын үшін бақ сынайды.