locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шакира Қырғызстанға ұшып келді: әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті қашан өтеді?

Шакира Орталық Азиядағы алғашқы концертін өткізу үшін Бішкекке келді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Шакира Қырғызстанға ұшып келді: әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті қашан өтеді?
ФОТО: Getty images

Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира Қырғызстанға келді. 18 қазанда өнер жұлдызы Орталық Азиядағы алғашқы концертін өткізеді. Бішкекте ұйымдастырылатын ауқымды музыкалық кеш ондаған елдің көрермендерінің назарын аударды. Әсіресе Қазақстан тұрғындары концертке ерекше қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 қазанға қараған түні әншінің жеке ұшағы Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайына қонды. Әлемдік жұлдызды Қырғызстан билігінің өкілдері, концерт ұйымдастырушылары мен жанкүйерлері қарсы алды.

Қарсы алушылардың арасында Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков пен президент істерін басқарушының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов болды.

Бішкекке келген Шакира көп ұзамай Instagram парақшасында жаңа суретін жариялады. Әнші ұлттық нақыштағы киім киіп, басына үлбіреген бөрік киген күйі көпшілікке жылы лебізін жеткізді.

«Салам, Кыргызстан!» – деп жазды өнер иесі.

ФОТО: IG-stories Шакира

Шакираның концерті қашан және қайда өтеді?

Әлемдік жұлдыздың концерті 18 қазанда «Бішкек Арена» стадионында өтеді. Шоу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де, ал Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Бұл концерт әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты әлемдік гастрольдік сапары аясында ұйымдастырылып отыр. 49 жастағы Шакира үшін бұл Орталық Азиядағы алғашқы жеке концерт болмақ.

Ұйымдастырушылар көрермендерге би қойылымдары, әсерлі сахналық көріністер мен әншінің ең танымал хиттерінен тұратын ауқымды бағдарлама дайындаған.

Концерт барысында Hips Don’t Lie, Waka Waka, Whenever, Wherever және She Wolf сияқты әлемге әйгілі әндермен қатар, орындаушының жаңа альбомындағы туындылар да шырқалады деп күтілуде.

Билеттердің бағасы 12 мың сомнан басталады. Ал сахнаға жақын орналасқан фан-аймақтағы орындардың құны 40 мың сомға дейін жетеді.

Қазақстандықтар концертке ерекше қызығушылық танытты

Шакираның Бішкектегі концерті Қырғызстаннан тыс елдерде де үлкен қызығушылық туғызды. Музыкалық кешке кемінде 33 мемлекеттен жанкүйерлер келеді деп күтілуде.

Әсіресе қазақстандықтар билет сатып алуда белсенділік танытқан. Шетелдік көрермендер арасында Қазақстан тұрғындары бірінші орынға шығып, Ресей мен Өзбекстаннан келетін жанкүйерлерді басып озды.

Сонымен қатар концертке АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Қытай және Сауд Арабиясынан да көрермендер келмек.

Дегенмен қонақтардың географиясы бұдан да ауқымды болуы мүмкін. Себебі жарияланған статистика тек бір билет сату операторының мәліметтеріне негізделген.

Мұндай ірі іс-шара Бішкектің күнделікті тіршілігіне де әсер етті. Концерт өтетін күні қала билігі стадион маңындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіп, көрермендер үшін алты тегін автобус бағытын ұйымдастырды.

Арнайы автобустар жанкүйерлерді концерт алаңына жеткізіп, шоу аяқталғаннан кейін кері тасымалдайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie