locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетті: ҚПЛ чемпионы қашан анықталады?

Шымкенттік «Ордабасы» «Ақтөбені» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасындағы көшбасшылық орнын нығайта түсті
«Ордабасы» «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетті: ҚПЛ чемпионы қашан анықталады?
ФОТО: Ордабасы ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
17.10.2026, Аяқт.
Актобе
1
Ордабасы Шымкент
3

17 қазанда «Ордабасы» сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңді. Кездесу қонақтар үшін сәтсіз басталды. 21-минутта Даниэль Соса есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.

Алайда үзілістен кейін шымкенттіктер ойын тізгінін өз қолына алды. Алдымен Лео Натель таразы басын теңестірсе, артынша Сергей Малый екінші голды соғып, «Ордабасыны» алға шығарды.

73-минутта Соса тағы да қарсылас қақпасына доп енгізгенімен, төреші қолмен ойнау ережесі бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады. Бұл шешім қызу талқыға түсті. Ал араға төрт минут салып, Тилиан Кейта үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды - 3:1.

Осылайша, «Ордабасы» чемпионаттағы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, 28 кездесуден кейін 67 ұпай жинады.

Шымкенттік клубтың басты қарсыласы «Қайрат» 27 ойыннан кейін 60 ұпаймен екінші орында тұр. Екі команда арасындағы айырмашылық жеті ұпайға жетті. Дегенмен алматылықтардың қоржынында әлі бір қосалқы матч бар.

«Қайрат» қашан және кіммен ойнайды?

18 қазанда алматылық клуб Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдайды. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Егер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері жеңіске жетсе, 63 ұпай жинап, «Ордабасымен» арадағы айырмашылықты төрт ұпайға дейін қысқартады. Ал ұпай жоғалту чемпиондық атақты сақтап қалу мүмкіндігін айтарлықтай қиындатады.

«Ертіспен» кездесуден кейін «Қайратты» тағы екі ойын күтіп тұр. 25 қазанда алматылықтар «Ақтөбемен» сырт алаңда кездеседі. Ал 31 қазанда өз алаңында «Алтайды» қабылдап, маусымды аяқтайды.

Осылайша, қазіргі чемпионға қалған үш кездесудің барлығында жеңіске жету маңызды. Алайда бұл да алтын медальға қол жеткізуге кепілдік бермейді. Алматылықтар басты қарсыласының ұпай жоғалтқанына да үміт артуға мәжбүр.

«Ордабасы» қашан чемпион атануы мүмкін?

Шымкенттік команданың маусым соңына дейін екі кездесуі қалды. 24 қазанда «Ордабасы» елордалық «Жеңісті» қабылдаса, 31 қазанда Павлодарда «Ертіспен» кездеседі.

Қазір чемпиондық тағдырын «Ордабасының» өзі шешетін жағдайда тұр. Егер шымкенттіктер «Жеңісті» ұтса, ұпай санын 70-ке жеткізіп, Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанады.

Өйткені «Қайрат» қалған үш матчтың барлығында жеңіске жеткен күннің өзінде ең көп дегенде 69 ұпай жинай алады.

Демек, «Ордабасыны» чемпиондық атақтан бір ғана жеңіс бөліп тұр. Ал «Қайрат» үшін жағдай әлдеқайда күрделі. Алматылықтар өз кездесулерінде ұпай жоғалтпай, шымкенттік клубтың кем дегенде екі матчта да жеңіске жете алмауына үміт артуы керек.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie