locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шайдоровтың жаңартылған әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Оның алдында тек Илья Малинин мен Юма Кагияма ғана тұр
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) рейтингінде 3-орынға жайғасты, деп хабарлайды Sports24.kz.

ISU-дың жаңартылған деректеріне сәйкес, 21 жастағы спортшының еншісінде 3918 ұпай бар. Одан жоғарыда тек АҚШ өкілі Илья Малинин – 4590 ұпай және жапондық Юма Кагияма – 4123 ұпаймен орналасқан. Айта кетейік, Кагияма 2026/27 маусымын өткізіп алуы мүмкін деген ақпарат бар.

Үздік бестікті жапондық Сюн Сато (3639) мен француз Адам Сяо Хим Фа (3625) түйіндейді.

Әйелдер рейтингінде Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғайды. Ол 2155 ұпаймен 13-орынды иеленіп отыр. Көшбасшы – америкалық Алиса Лю (4248), екінші орында жапондық Монэ Тиба (4164), үшіншіде америкалық Эмбер Гленн (3671).

Спорттық жұптар арасында рейтингте көшбасшылар – немістер Минерва Фабиенне Хазе мен Никита Володин (4624). Күміс орында – грузиялық Анастасия Метелкина мен Лука Берулава (4365), қолада – америкалық Алиса Ефимова мен Миша Митрофанов (3244).

Мұздағы би бойынша британдық Лайла Фир мен Льюис Гибсон (4307) топ бастап тұр. Одан кейін америкалық Мэдисон Чок пен Эван Бейтс (3960), үшіншіде канадалық Пайпер Гиллес пен Поль Пуарье (3467).

Француздар Лоранс Фурнье-Бодри мен Гийом Сизерон – қазіргі Олимпиада чемпиондары – алғашқы бірлескен маусымынан кейін 15-орында тұр.

Қазақстандық мұздағы би жұптары арасында ең үздік нәтижені Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев көрсетті – 44-орын.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie