locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық балуан Олимпиада чемпионы Юка Кагамиге есе жіберді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
ФОТО: НОК РК

Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алтын медаль үшін болған белдесуде Эльмира Жапония өкілі Юка Кагамимен кездесті. Кездесу 5:1 есебімен жапон спортшысының пайдасына аяқталды.

Сыздықованың финалға дейінгі жолы

Ширек финалда қазақстандық балуан моңғолиялық Даваанасан Энх-Амардан басым түсті. Эсеп 4:1 болған кезде Эльмира қарсыласын жауырынымен жеңіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Жартылай финалда Сыздықова қытайлық Ли Вэньцзимен кездесіп, 9:8 есебімен минималды басымдықпен жеңіске жетті.

Эльмира Сыздықова — қазақстандық еркін күрес шебері, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері және Азияның екі дүркін чемпионы. Сондай-ақ ол Азия ойындары мен халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie