locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» ФИФА алдында айыппұлға ұшырады: мән-жайы белгілі болды

Алматылық клуб солидарлық төлемдерді кешіктірді, енді өзі де тәрбиеленушілері үшін ақша таба алмайды
«Қайрат» ФИФА алдында айыппұлға ұшырады: мән-жайы белгілі болды
ФОТО: «Кайрат»

ФИФА-ның Тәртіптік комитеті 22 қыркүйекте «Қайратты» солидарлық төлемдерді аудару мерзімдерін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Осыған байланысты алматылық клуб FIFA Clearing House ережелеріне сәйкес келмеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Шешімге сәйкес, «Қайрат» Дмитрий Сергеевтің 2023 жылғы ақпандағы, Юга Станоев пен Жоржиньоның 2025 жылғы қаңтардағы, Ойва Юкколаның 2026 жылғы ақпандағы және Густаво Мендонсаның 2026 жылғы жаздағы ауысымдары үшін төлемдерді кешіктірген.

Алматылық клуб төлемдердің кешігуін техникалық мәселелермен түсіндіріп, барлық құжаттың кешігіп болса да жіберілгенін мәлімдеді. Алайда ФИФА-ның Тәртіптік комитеті «Қайраттың» дәлелдерін қабылдамады. Соның салдарынан клуб ФИФА ережелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өте алмады.

Клуб ескерту алып, айыппұл арқалады. Айыппұл мөлшері аса үлкен емес — мерзімі өткен әр міндеттеменің 2,5 пайызы. Жалпы сома мың еуродан сәл асады.

Алайда бұл айыппұлға, мөлшері үлкен болмаса да, жеңіл қарауға болмайды. Себебі ол төленіп, ФИФА-ға барлық құжат тапсырылғанға дейін «Қайрат» жеті ойыншы үшін жалпы сомасы 28 мың еуродан сәл асатын солидарлық төлемдерді ала алмайды.

Ең ірі сома — алматылық клубтың тәрбиеленушісі Алдияр Нұрғалиды дайындағаны үшін «Левантеден» алынатын 20 мың еуро көлеміндегі өтемақы.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie