locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Турловты ФИДЕ-де Ресейдің мүддесін қорғады деп айыптады

Украина шахмат федерациясының вице-президенті Турловтың да, өз отандасының да сайланғанына наразылық білдірді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Казинформ

Украина шахмат федерациясының вице-президенті әрі Еуропалық шахмат одағының құрметті вице-президенті Владимир Ковальчук қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловтың ФИДЕ президенті болып сайлануына теріс пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ковальчук Турловтың командасына Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Михаил Подолякты шақыруына да ерекше назар аударды. Бұл шақыру Украина шахмат федерациясымен келісілмеген. Алайда Подоляк мұндай келісімнің қажет емес екенін атап өтті:

«Подоляк өзінің видеоинтервьюінде мәлімдегендей, ФИДЕ-ні Аркадий Дворковичтен тазартқан жоқ. Керісінше, ол Дворковичтің командасына ФИДЕ-де үшінші рет сайлануға көмектесті. Өйткені Турлов Еуропалық одақ, соның ішінде Украинаның бастамасымен, оған санкция салғанға дейін Дворковичтің командасында болды.

Путиннің жаршысы Песковтың Турловты жеңісімен қуана құттықтағанын да ерекше атап өткен жөн. Ал Турлов сайлаудан кейін Путиннің досы, Подоляк секілді ФИДЕ вице-президенті болып сайланған әлдебір Колобковпен ашық түрде емен-жарқын құшақтасты. Подоляктың командасы осындай. Ресейліктерден тазарту деген осы…» — деді Ковальчук ua.tribuna.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Турлов 26 қыркүйекте ФИДЕ президенті болып сайланды. 2022 жылдың қазан айынан бері Турлов Украина санкцияларының бес жылдық мерзіміне іліккен.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie