Мыңдаған жарқыраған білезік пен отты эффектілер: Қазақстандағы футбол стадиондарында өтетін Энрике Иглесиас шоуының құпиялары
Әлемдік поп-музыка тарихындағы ең табысты орындаушылардың бірі Энрике Иглесиас Астана мен Алматыда концерт береді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әртістің концерттері Қазақстандағы ең ірі екі футбол стадионында өтеді — 3 қыркүйекте «Астана Аренада», ал 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында.
Энрике Иглесиастың Қазақстандағы алдағы концерттерінің ерекшеліктері
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан Орталық Азияда мұндай ауқымдағы стадиондық шоу музыкамен және сахналық жарықпен синхрондалған мыңдаған интерактивті жарқыраған білезік қолданылатын алғашқы ел болмақ. Әр концертте стадионның ортасына қосымша сахна орнатылады. Соның арқасында көрермендер әртісті аренаның әртүрлі нүктесінен тамашалай алады. Ал концерттің жаңартылған бағдарламасын әзірлеуге әлемдік деңгейдегі әртістермен жұмыс істейтін концерттік продакшн саласындағы жетекші америкалық мамандар қатысты.
Мыңдаған білезік стадионды шоудың бір бөлігіне айналдырады
Көрермендерді ауқымды жарық безендіруі, арнайы және отты эффектілері бар жарқын музыкалық-визуалды шоу күтеді. Концерттердің басты ерекшеліктерінің бірі — интерактивті жарқыраған білезіктермен синхрондалған шоу болмақ. Орталық Азияда мұндай технология осындай ауқымдағы стадиондық шоуда алғаш рет қолданылады.
Білезіктердің арқасында көрермендер шоудың тікелей бір бөлігіне айналып, мыңдаған адам жиналған стадион музыка ырғағына қарай өзгеріп отыратын біртұтас жарық кеңістігіне айналады.
Тағы бір сахна — стадионның ортасында
Бұл әртіс тек негізгі сахнада өнер көрсететін дәстүрлі концерт форматы болмайды. Стадионның ортасында қосымша сахна орнатылып, Энрике музыканттарымен бірге бағдарламаның бір бөлігін сонда орындайды. Соның арқасында би алаңындағы көрермендер әртісті барынша жақыннан көре алады, ал трибунадағы жанкүйерлер шоуды стадионның әртүрлі нүктесінен тамашалайды.
Мұндай формат орындаушы мен аудиторияның бір бөлігі арасындағы қашықтық ондаған метрге жетуі мүмкін үлкен ареналар үшін ерекше маңызды.
Үлкен халықаралық команда
Концерттерді дайындап, өткізу үшін Қазақстанға 60-тан астам маманнан тұратын халықаралық команда келеді. Жақында Энрике Иглесиастың концерттік бағдарламасы толықтай жаңартылып, әлемдік деңгейдегі заманауи қойылымға айналды. Оның үстінде көптеген әлемге әйгілі әртістермен жұмыс істейтін концерттік продакшн саласындағы жетекші америкалық мамандар еңбек етуде.

Концерттік продакшнның бірқатар элементі алдағы өнер көрсетулер үшін Қазақстанға арнайы жеткізіледі. Концерт билеттері Freedom SuperApp қосымшасында және ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Энрике Иглесиас несімен танымал?
Billboard нұсқасы бойынша Энрике Иглесиас — барлық уақыттағы ең ұлы латынамерикалық әртіс. Ол мансабында музыкалық релиздерінің 180 миллионнан астам данасын сатты, ал Hero, Bailamos, Escape және Tonight (I'm Lovin' You) хиттері көптеген жыл бойы әлемдік чарттардың көшін бастап, бірнеше буын тыңдармандарының саундтрегіне айналды. Бұған дейін біз Энрике Иглесиастың спортпен қаншалықты тығыз байланысты екенін және неліктен мадридтік «Реалға» жанкүйерлік ететінін баяндаған көлемді материал дайындаған едік.