locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қытайдан шыққан этникалық қазақ UFC-ге оралып, қарсыласын бірінші раундта жеңді

Road to UFC турнирінде тартысты жекпе-жек өтті
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қытайдан шыққан этникалық қазақ UFC-ге оралып, қарсыласын бірінші раундта жеңді
ФОТО: Instagram

Қытайдан шыққан этникалық қазақ Максат Қайсар (11-5) Қытайдың Шанхай қаласында өткен Road to UFC 5 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Максат Қытайдан шыққан тағы бір этникалық қазақ Тайлак Нұражының (12-1) орнына қысқа мерзімде жекпе-жекке шықты. Ол америкалық Дарриус Флауэрспен (13-8-1) кездесіп, бірінші раундта «гильотина» әдісімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Турнир алдында Максат UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойып, мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, Қайсар бұған дейін 2022-2025 жылдар аралығында UFC-де өнер көрсеткен.

Максат Қайсар қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевпен бірге Kill Cliff FC залында жаттыққан.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie