Бибисара Асаубаева Франциядағы рапид турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Еуропалық кезең аясында өткен WR Women's Chess Tour 2026 рапид турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жарыс Францияның Сен-Тропе қаласында өтті. Финалдық матчта Асаубаева украиналық Мария Музычукпен кездесіп, 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Жеңісінен алған әсерімен қазақстандық шахматшы Instagram-сторис арқылы бөлісті.
«Сәлем, достар! Бүгінгі жұмыс күнім аяқталды. Мен WR Chess Tour-дың рапид бөлігінде жеңіске жеттім. Бірінші ойында Пётцті ұттым, екіншіде – Бациашвилиді, үшіншіде – Мария Музычукты. Ертең блиц болады. Сәл шаршадым, бірақ өзіме ризамын. Сондай-ақ... 6 сағат бойы өкшелі аяқ киімде болдым. Иә, осылай», - деді Бибисара.
Осылайша, қазақстандық шахматшы рапид турнирінің чемпионы атанды.
Сонымен қатар, Асаубаева WR Women's Chess Tour 2026 кезеңінде блицте жеңіске жету үшін күресін жалғастыруда. Сен-Тропедегі кезең 25-26 тамыз күндері өтеді. Жүлде қоры – 40 мың доллар.
WR Women's Chess Tour – әртүрлі өңірлерде өтетін және финалды қамтитын әйелдер арасындағы шахмат турнирлер сериясы. Жарыс бағдарламасына блиц пен рапид кіреді.