Бакудегі татамидегі сұмдық: жұлдызды чемпион қыз құлағаннан кейін ауруханаға жеткізілді
Бакуде дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалында болған драмалық оқиға танымал спортшының шұғыл түрде ауруханаға жеткізілуімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Франциялық дзюдошы, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Сара-Леони Сисик Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы әйелдер арасындағы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында зембілмен эвакуацияланды.
Оқиға оның жапониялық Акари Омориге қарсы белдесуінің басталғанына небәрі он төрт секунд өткенде болды. Қарсыласы жамбас арқылы қуатты әрі рұқсат етілген харай-гоши әдісін орындап, нәтижесінде француз спортшысы басымен татамиге құлап, мойнынан ауыр жарақат алды.
Спортшы белдесуді жалғастыра алмады және аренадан өздігінен шыға алмады. Дәрігерлер оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дзюдошыны толық тексеру үшін жергілікті ауруханаға жеткізді. Бұл француз спортшысының қола медаль үшін белдесуге татамиге шыға алмайтынын білдіреді.
Айта кетейік, Сара-Леони Сисик — Франция ұлттық құрамасының негізгі мүшесі әрі ірі халықаралық жарыстардың чемпионы. Ол Токиодағы Олимпиада ойындарында күміс, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада қола медаль, сондай-ақ Олимпиада ойындарында командалық есепте екі алтын медаль жеңіп алған.