locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тенді еске алуға арналған турнирге қатысу үшін Қазақстанға кешігіп ұшты

Мәскеу - Алматы бағытындағы спортшылар мінген рейс 1,5 сағатқа кешікті
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тенді еске алуға арналған турнирге қатысу үшін Қазақстанға кешігіп ұшты
ФОТО: Матч ТВ

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Алматыда өтетін «Челленджер» сериясындағы турнирге қатысу үшін Қазақстанға кешігіп келді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 9:40-та Қазақстанға ұшуы керек болған, алайда рейс тек 11:16-да жүзеге асқан.

Қазақстан атынан әйелдер арасындағы жекелей сында Софья Самоделкина өнер көрсетеді. Мәнерлеп сырғанаушы бұған дейін Ресей атынан өнер көрсеткен, алайда 2023 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап келеді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 2024 жылы Астанада өткен Денис Тен мемориалында екінші орын алған.

Денис Тен мемориалы Алматыда 7-10 қазан аралығында өтеді. Турнир 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған қазақстандық Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie