Джокович ATP-500 турнирінің финалында де Минаурды мерзімінен бұрын жеңді
6 қазанда Новак Джокович Қытайда өткен ATP-500 турнирінің финалында Алекс де Минаурды жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешуші матчта оның австралиялық қарсыласы Алекс де Минаур жамбасынан алған жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмады. Есеп - 7:6 (7:3), 0:1. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.
Финалда Джокович бірде-бір эйс жасамады, қос қателікке жол бермеді және иеленген екі брейк-пойнттың ешқайсысын пайдалана алмады. Ал де Минаур төрт эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және бірде-бір брейк-пойнтын жүзеге асыра алмады.
Джокович үшін Бейжіңдегі бұл титул маусымдағы алғашқы және мансабындағы 102-ші чемпиондық атақ болды. Сонымен қатар 39 жастағы Новак осы «500» санатындағы турнирде мансабында жетінші рет чемпион атанды.
Еске салайық, Новак жартылай финалда Даниил Медведевпен кездесуді мерзімінен бұрын аяқтағаннан кейін финалға шықты. Сербиялық теннисші 7:5, 5:3 есебімен алда келе жатқанда, ресейлік ойыншы көрерменге доп тигізгеннен кейін дисквалификацияланған.
Ақшасыз және ұпайсыз: Бейжіңдегі дисквалификациядан кейін Медведевке не қауіп төнеді