locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның дзюдодан жасөспірімдер құрамасы Эквадордағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Енді команданы Өзбекстан құрамасымен қарсыласу күтеді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: www.zakon.kz

Дзюдодан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Жартылай финалға дейін қазақстандық дзюдошылар микс санатында бірнеше мықты ұжымдарды ұтты. Алдымен Болгария құрамасын 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Одан кейін біздің спортшыларды турнир фавориттерінің бірі – Жапония құрамасы күтіп тұрды.

Аутсайдерлер статусына қарамастан, қазақстандық дзюдошылар тартысты белдесулер өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге сенсациялық жолдама алды және кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Финал жолдамасы үшін Қазақстан құрамасы енді Өзбекстанға қарсы күреседі. Егер финалға өтсе, спортшыларымыз алтын медаль үшін таласа алады.

Айта кетейік, Қазақстан әлем чемпионатында үшінші алтын медальді жеңіп алды. Адильжан Жаудинов жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Гуаякильдегі дүбірлі додада спортшы 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie