Қазақстандық семсершілер Мароккодағы әлем кубогі кезеңін жеңіп алды
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Касабланкада (Марокко) өткен әлем кубогі кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалық турнирдің финалында қазақстандық семсершілер Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасы чемпиондық атаққа жету жолында ширек финалда Мысырды (45:40), ал жартылай финалда Францияны (45:39) ұтты. Сонымен қатар қазақстандықтар Түркия (45:20) және Гонконг (45:28) құрамаларынан басым түсті.
Құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Еске салайық, Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ осы маусымда қазақстандық семсершілер Азия және әлем чемпионаттарында топ жарды.