locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық балуан Братиславадағы жастар арасындағы әлем чемпионатында «қола» жүлдеге ие болды

Нұрдәулет Сейілбеков үшінші орын үшін айқаста италиялық қарсыласын жеңді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: nur.kz

Қазақстандық балуан Нұрдәулет Сейілбеков Словакия астанасы Братиславада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан атынан сынға түскен балуан 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде италиялық Алессио Перентиноны тізе бүктірді. Еркін күрес шебері Сейілбеков Италия өкілін 10:5 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Еске сала кетейік, 1/8 финалда қазақстандық спортшы молдовандық Каталину Спинуды 11:1 есебімен жеңсе, 1/4 финалда түрік балуаны Умут Услуды 3:1 есебімен басым түсті. Алайда жартылай финалда америкалық Джейдан Джеймске 4:13 есебімен есе жіберіп, кіші финалға жол тартты.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетов Братиславада өткен U20 әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген болатын. Ол 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шығып, финалда беларусьтік Михаил Марковскийді 13:7 есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрестен өткен жарыста үш медаль иеленді. Тағы бір қола жүлдені Нұрасыл Асамбек (57 кг дейін) жеңіп алса, ал «күміс» медаль Бекасыл Асамбекке (61 кг дейін) бұйырды.

Еске сала кетейік, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты Словакия астанасында 16-23 тамыз аралығында өтуде.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie