Қазақстан құрамасы Олимпиадада Қытаймен шешуші матч өткізді
Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жетінші турында Қытайға қарсы шешуші матч өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Жекпе-жекке дейін Қазақстан мен Қытай алты турдың алтауында да жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұрған. Сондықтан бұл кездесу жарыстың жалғыз көшбасшысын анықтауы мүмкін еді.
Турнир көшбасшыларының тартысы 2:2 есебімен тең аяқталды. Бірінші тақтада Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Чжу Цзиньэрмен ойында мықтыны анықтай алмады. Алуа Нұрман мен Сун Юйсинь де тең түсті.
Одан кейін Меруерт Қамалиденова Лу Мяоиге есе жіберді. Ал соңғы партияда Елназ Қалиахмет Янь Тяньциді жеңді. Осылайша, матчтың жалпы есебі 2:2 болып теңесті.
Бұл кездесуден кейін Қазақстан мен Қытайдың турнирлік жағдайы өзгерген жоқ, ал жалғыз көшбасшыны анықтау мүмкін болмады. 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының аяқталуына төрт тур қалды.

