Қазақстан құрамасы бапкерінің қызы ана атануға дайындалып жатыр: Эстель ван ’т Шкип кім?
Эстель ван ’т Шкип әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, оқырмандарымен үнемі жарқын фотоларымен бөліседі. Қазір Қазақстан құрамасының бас бапкерінің 33 жастағы қызы алғаш рет ана атануға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
2026 жылдың тамызында оның әкесі Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. Нидерландтық маман бұған дейін «Аякс», «Мельбурн Сити» клубтарында, сондай-ақ Грекия мен Армения құрамаларында жұмыс істеген.
Қыркүйек айында Эстель Instagram желісінде жүкті екенін жариялады. Ол сүйіктісімен бірге УДЗ түсірілген видеоны және жүктілік кезіндегі кадрларын жариялады. Джон ван ’т Шкип үшін бұл алғаш рет ата атанатынын білдіреді.
«Біздің махаббат хикаямыз онымен бірге жалғасады…», - деп жазды Эстель.
Эстельдің Instagram парақшасына қарасақ, футбол оның күнделікті өмірінде басты орында емес. Ол әлеуметтік желілерде саяхаттардан, жағажайдағы демалыстардан және жеке өміріндегі түрлі сәттерден фотолар жариялап тұрады.
Оның Instagram парақшасына 25 мың адам жазылған. Эстель өз парақшасын жеке блог ретінде жүргізеді.
Ван ’т Шкиптер отбасы
Эстель - Джон ван ’т Шкип пен оның марқұм жары Даниэльдің қызы. Оның анасы Даниэль ван ’т Шкип 2023 жылдың қазан айында ұзақ уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескеннен кейін 55 жасында қайтыс болды. Даниэль Нидерландта танымал жазушы болған.