locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаев RAF лигасында дебют жасайды: қазақстандықтың белдесуі қашан өтеді және қайдан көруге болады

UFC файтері кәсіпқой күресте бақ сынап, америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездеседі
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Асу Алмабаев RAF лигасында дебют жасайды: қазақстандықтың белдесуі қашан өтеді және қайдан көруге болады
ФОТО: Getty images

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев 23 тамызда Real American Freestyle лигасындағы алғашқы белдесуін өткізеді. Оның қарсыласы америкалық балуан Джонни ДиДжулиус болады, деп хабарлайды Sports24.kz.

RAF 12 турнирі АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласында, Rocket Arena кешенінде өтеді. Алмабаев үшін бұл жаңа тәжірибе болмақ. Қазақстандық спортшы UFC-дегі мансабын жалғастырып жүр, алайда октагондағы жекпе-жектер арасындағы үзілісте өзін кәсіпқой күресте де сынап көрмек.

RAF форматында соққы техникасы қолданылмайды. Сондықтан мұнда күрес, қарсыласты бақылауда ұстау және партердегі жұмыс алдыңғы орынға шығады. Бұл формат Алмабаевқа өз стиліндегі ең мықты қырларының бірі - күрес шеберлігін толық көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстандықтың қарсыласы Джонни ДиДжулиус та күрестен мол тәжірибеге ие. Сондықтан Алмабаевтың жаңа бағыттағы алғашқы белдесуі оңай болмасы анық.

RAF 12 турнирін RAF ұйымының ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көруге болады. АҚШ аумағында трансляция Fox Nation платформасында да көрсетіледі.

Алмабаев Қазақстан уақытымен шамамен 05:00-де кілемге шығады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie