locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әсем Орынбай стенд атудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жарыста Қытай өкілі жеңіске жетсе, күміс медальді Таиланд спортшысы иеленді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Әсем Орынбай стенд атудан XX жазғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарындағы стенд атудан әйелдер арасындағы жарыстың финалы аяқталды,

Ұлттық құрама көшбасшысы Әсем Орынбай финалда 28 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды және қола медальді жеңіп алды. Жарыста Қытай өкілі жеңіске жетсе, күміс медальді Таиланд спортшысы иеленді.


Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун алтыншы орын алды.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Әсел Орынбай екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 35 спорт түрінен медаль үшін бақ сынайтын 558 спортшы бар.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie