locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жекпе-жекке дайынбыз» — Қазақстан құрамасының капитаны Билли Джин Кинг кубогіндегі Испаниямен матч туралы

Қазақстан мен Испания арасындағы текетірес екі жекелей және бір жұптық матчтан тұрады
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: ФТК

Қазақстан әйелдер теннис құрамасының капитаны Юрий Щукин команданың Билли Джин Кинг кубогінің ширек финалында Испанияға қарсы өтетін матчқа дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу 23 қыркүйекте Шэньчжэнь қаласында өтеді және Астана уақытымен 14:00-де басталады. Қазақстан құрамасының сапына Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Соня Жиенбаева енді.

Щукиннің айтуынша, жекелей сындағы алғашқы матчты Жиенбаева өткізеді. Қазақстандық теннисшінің қарсыласын команда кездесу басталар алдында ғана біледі.

«Бұл тартысты матч болады, Испанияның командасы өте мықты. Сондықтан алғашқы матчты Соня Жиенбаева бастайды. Әзірге оның кімге қарсы ойнайтынын білмейміз, өйткені матчқа бір сағат қалғанда олардың кімдерді алаңға шығаратынын анықтаймыз. Жалпы, олардың командасы өте біркелкі әрі тұрақты, сондықтан мықты қарсыластарға қарсы маңызды ойынға дайындаламыз. Қыздардың барлығы бірнеше күн бұрын келіп, жаттығып үлгерді, корт жабындысына бейімделді. Сондықтан бәрі өзін өте жақсы сезініп жүр. Сол себепті жақсы ойын көрсетіп, қарсылық танытамыз деп ойлаймын», — деді Щукин.

Испания құрамасына Кристина Букша, Кейтлин Кеведо, Джессика Бузас Манейро, Марина Бассольс Рибера және Сара Соррибес Тормо енді. Команда капитаны — Карла Суарес Наварро. Букша WTA рейтингінде жекелей сында 35-орында, ал жұптық сында 14-орында тұр.

Қазақстан мен Испания арасындағы текетірес екі жекелей және бір жұптық матчтан тұрады. Жартылай финалға шығу үшін екі жеңіске жету қажет. Қазақстан тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогінің финалдық турнирінің жартылай финалына жолдама алуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сәуір айында Канаданы 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Финалдық кезең Шэньчжэнь қаласында 22-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie