locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина US Open-дегі триумфынан кейін Алматыға келді

Қазақстанда Рыбакина жоспарланған іс-шараларға қатысып, жарақатынан кейін қалпына келу курсынан өтеді
ФОТО: Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші Instagram-дағы «сторисінде» гүл шоғының суретін жариялады. Елена геолокация ретінде Алматыны көрсетіп, жүрек эмодзиін қосты.

Бұған дейін Рыбакина Қазақстанға оралғаннан кейін жоспарланған іс-шараларға қатысып, жарақатынан кейін қалпына келу курсынан өтетіні хабарланған еді. Осыған байланысты теннисші Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсете алмайды.

US Open-2026 турнирінің шешуші матчында Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл титул қазақстандық теннисші үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші жеңіс болды. Бұған дейін ол Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 жарыстарында топ жарған еді. Нью-Йорктегі жеңісінен кейін қазақстандық теннисші WTA рейтингіндегі бірінші орнын сақтап, әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде қатарынан екінші аптасын өткізіп жатыр.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie