Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
Қазақстан мен Испания құрамалары арасындағы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық кездесуіне қатысатын теннисшілердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бірінші жекелей сында Соня Жиенбаева Джессика Бусас Манейроға қарсы ойнайды. Екінші жекелей кездесуде Юлия Путинцева Кристина Букшамен шеберлік байқасады. Кездесуді жұптық матч қорытындылайды: Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Кристина Букша және Сара Соррибес Тормоға қарсы ойнайды.
Осылайша, матчтар кестесі төмендегідей:
- Соня Жиенбаева (Қазақстан) — Джессика Бусас Манейро (Испания);
- Юлия Путинцева (Қазақстан) — Кристина Букша (Испания);
- Анна Данилина / Жібек Құламбаева (Қазақстан) — Кристина Букша / Сара Соррибес Тормо (Испания).
Ширек финалдық матч 23 қыркүйекте Шэньчжэнь қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Жартылай финалға шығу үшін құрамалардың бірі екі жеңіске жетуі қажет.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Қазақстан құрамасының Испанияға қарсы Билли Джин Кинг кубогындағы матчы туралы команданың қарсыластарының құрамын кездесу басталар алдында ғана білетінін айтқан еді. Енді ресми номинациялар анықталды.