locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Азиада-2026 додасында ММА бәсекесін бастады: алғашқы жекпе-жектер қалай өтті?

Қазақстандық файтерлер Азия ойындарындағы алғашқы кездесулерін өткізді. Еркінғали Бүркітәлин жарысты жалғастырса, Айгерім Төреханова алғашқы айналымнан аса алмады.
Қазақстан Азиада-2026 додасында ММА бәсекесін бастады: алғашқы жекпе-жектер қалай өтті?
ФОТО: olympic.kz

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 аясында аралас жекпе-жектен жарыстар басталды. Алғашқы бәсеке күні Қазақстан құрамасының өкілдері де сынға түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

77 келіге дейінгі traditional санатында өнер көрсететін Еркінғали Бүркітәлин алғашқы кездесуін Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Мин-яньға қарсы өткізді.

Қазақстандық спортшы жекпе-жекті сенімді өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Осы нәтиженің арқасында Бүркітәлин жүлде жолындағы күресін жалғастырды. Келесі кезеңде қазақстандық файтер Оңтүстік Корея өкілі Юн Тэёнмен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жартылай финалға жолдама алып, Азия ойындарының медаліне бір қадам жақындай түседі.

Ал Айгерім Төреханова үшін Азиада алғашқы кездесуден кейін аяқталды. 54 келіге дейінгі modern санатында сынға түскен қазақстандық спортшы бірінші жекпе-жегінде қарсыласына жол берді. Қазақстанның ММА құрамында Бүркітәлинмен қатар Қадырбек Шынбаев пен Санжар Әділов те бар.

Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азиаданың алғашқы жарыс күнінде алтын жүлдеге де қол жеткізді. Ел қоржынына алғашқы алтынды велошабандоз Рината Сұлтанова салды. Ол әйелдер арасындағы жекелей жарыста 36:23.72 нәтижесімен топ жарды.

Бұған дейін триатлоншы Арлан Жанабай ерлер арасындағы бәсекеде қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның Азиада-2026 додасындағы алғашқы жүлдесін еншілеген еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie