locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

50 мыңнан астам көрермен және Қазақстаннан 152 спортшы: Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ашылды

Ашылу салтанатында Қазақстан туын көкпардан әлем чемпионы Тұрғанбек Құрманбек алып шықты, ал 1 қыркүйектен бастап ел спортшылары 43 спорт түрінен сынға түседі
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
50 мыңнан астам көрермен және Қазақстаннан 152 спортшы: Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ашылды
ФОТО: aqorda

Бішкектегі «Бишкек-Аренада» VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды шараны 50 мыңнан астам көрермен тамашалап, оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегациялар қатысты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан атынан жарысқа 152 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында көк туымызды көкпардан әлем чемпионы әрі ұлттық құраманың капитаны Тұрғанбек Құрманбек алып шықты.

Жарыстар 1 қыркүйекте басталады. Бәсекелер үш спорт нысанында, сондай-ақ Шолпан-Атадағы Қырчын жайлауында өтеді. Биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына барлығы 43 спорт түрі енген.

Олардың қатарында көкпар, көк бөрі, қазақ күресі және өзге де ұлттық спорт түрлері бар. Жарыстардың бір бөлігі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан үшін ұлттық спорт түрлерінің орны ерекше. Елімізде 11 ұлттық спорт түрі басым бағыт ретінде белгіленіп, олимпиадалық спорт түрлерімен тең дәрежеге қойылған. Олардың арасында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, дәстүрлі садақ ату және жекпе-жек бар.

Ашылу салтанатына 17 елдің президенттері қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та болды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Додаға 100-ден астам елден шамамен үш мың спортшы қатысады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie