locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Сонг Ядонг UFC турнирінде Умар Нурмагомедовты нокаутқа түсірді

Қытайлық файтер жекпе-жекті екінші раундта аяқтап, ресейлік спортшыға кәсіби мансабындағы екінші жеңілісін тіркетті
Видео: Сонг Ядонг UFC турнирінде Умар Нурмагомедовты нокаутқа түсірді
ФОТО: Getty images

Қытайлық Сонг Ядонг Шанхайда өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде Умар Нурмагомедовты мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесуге дейін Нурмагомедов UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрса, Ядонг алтыншы сатыда еді. Ресейлік файтер чемпиондық белбеу үшін таласқа қайта қосылуға үміткерлердің бірі саналса, қытайлық спортшы өз еліндегі турнирде маңызды жеңіске қол жеткізді.

Жекпе-жек бес раундқа жоспарланғанымен, қарсыластар кездесудің бел ортасына да жеткен жоқ. Алғашқы бес минутта екі файтер де асығыстық танытпай, бір-бірінің осал тұсын іздеуге тырысты.

Шешуші сәт екінші раундта болды. Ядонг қарсыласының алға ұмтылған сәтін дәл пайдаланып, қарымта апперкот жасады. Соққы Нурмагомедов үшін ауыр тиіп, ол жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде қытайлық файтер нокаутпен жеңіске жетті.

28 жастағы Ядонг үшін бұл қатарынан екінші жеңіс болды. Нурмагомедовпен кездесуден кейін оның кәсіби рекордында 24 жеңіс, тоғыз жеңіліс, бір тең нәтиже және нәтижесіз аяқталған бір жекпе-жек бар.

Ал Нурмагомедов кәсіби мансабында екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Бұған дейін ол чемпиондық белбеу сарапқа салынған кездесуде Мераб Двалишвилиге есе жіберген еді. 30 жастағы файтердің еншісінде 20 жеңіс бар.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie