UFC-де жаңа чемпион: Гэтжи жеңіліс көрмеген Топурияны тоқтатты
Джастин Гэтжи UFC Freedom 250 турнирінде жылдың басты сенсацияларының бірін тіркеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ақ үй аумағында өткен тарихи турнирдің басты жекпе-жегінде америкалық файтер жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топуриямен кездесті.
Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Екі спортшы да белсенді шабуылдап, көрермендерге тартысты айқас сыйлады.
Екінші раундта Топурия басымдық танытып, қарсыласын партерге аударып, біраз уақыт бақылауда ұстады. Чемпион дене тұсына дәл соққыларын өткізіп, жекпе-жекті өз пайдасына бұра бастағандай көрінді.
Алайда үшінші раундтан бастап жағдай өзгерді. Гэтжи бастаманы өз қолына алып, Топурияны бірнеше рет ауыр соққылармен дәл көздеді. Чемпионның жүзі қанға боялып, америкалықтың соққылары жиілей түсті.
Төртінші раундта да Гэтжи басым болды. Топурия партерге көшіруге тырысқанымен, америкалық қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.
Бесінші раунд басталар алдында Топурияның командасы жекпе-жекті жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде төреші Джастин Гэтжиге техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Осылайша Гэтжи кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі уақытша чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал Илия Топурия аралас жекпе-жектегі мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.