Шара Буллет UFC-тің бұрынғы чемпионы Исраэль Адесаньямен жұдырықтасады
Шара Буллет лақап атымен танымал ресейлік файтер Шарабутдин Магомедов UFC-тің бұрынғы чемпионы Исраэль Адесаньямен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл туралы танымал журналист Ариэль Хельвани мәлімдеді. Жекпе-жек 5 желтоқсанда Сауд Арабиясында өтетін UFC Fight Night турнирінде жоспарланған. Кездесу кештің басты жекпе-жегі болады деп күтілуде.
Ресейлік файтердің кәсіби аралас жекпе-жектегі еншісінде 17 жеңіс пен бір жеңіліс бар.
32 жастағы Магомедов Бакуде өткен турнирде бразилиялық Мишел Перейраны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.
Бұған дейін UFC-тің орта салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленген Адесаньяның есебінде 24 жеңіс пен алты жеңіліс бар.
Жаңа зеландиялық файтер соңғы төрт жекпе-жегінде қатарынан жеңіліп қалды. Ол америкалықтар Шон Стрикленд пен Джо Пайферден, оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессиден және франциялық Нассурдин Имавовтан жеңілген.