locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жетісу» легионерлері жалақы қарызына байланысты ФИФА-ға шағымданбақ

Талдықорғандық клубтың шетелдік футболшыларына бірнеше ай бойы жалақы төленбеген
«Жетісу» легионерлері жалақы қарызына байланысты ФИФА-ға шағымданбақ
ФОТО: ФК «Жетысу»

«Жетісу» клубының шетелдік футболшылары жалақының төленбеуіне байланысты Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) жүгінбек, деп хабарлайды Sports24.kz.

AmanVIBE мәліметінше, кейбір легионерлер екі айға жуық уақыттан бері жалақы алмаған. Ал енді біреулері алты ай бойы төлемдерін күтіп жүр. Футболшылар ФИФА-ға жеке-жеке шағым дайындап жатыр.

«Жетісу» қарыздарын өтегенін мәлімдеген еді

8 қазанда талдықорғандық клуб ресми мәлімдеме жасап, футболшылар алдындағы берешегін толық өтегенін хабарлады. «Жетісу» бұған дейінгі төлемдердің кешігуін заңдық рәсімдерді жүргізу, шешімдерді келісу және Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігімен түсіндірді.

Сондай-ақ клуб Жетісу облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, туындаған мәселелерді реттеп, ойыншылар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындағанын мәлімдеді.

Қазақстан Премьер-лигасының 27 турында «Жетісу» 22 ұпай жинап, соңғы, 16-орында тұр. Чемпионаттың қалған матчтарында талдықорғандық команда «Қайсар», «Тобыл» және «Астанаға» қарсы ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie