locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Жалғас Жұмағұловтың IBA NOMAD 16 турниріндегі жекпе-жегі жарияланды

Қазақстандық файтер Ташкентте ресейлік Асрор Ақпарходжаевпен кездеседі
ФОТО: instagram.com/nomadfighting

Жалғас Жұмағұловтың Ташкентте өтетін IBA NOMAD 16 турниріндегі жекпе-жегі ресми түрде расталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық файтер жеңіл салмақта ресейлік Асрор Ақпарходжаевпен кездеседі. Өзбекстан астанасындағы жекпе-жек 17 қазанда өтеді.

«Жалғас Жұмағұлов Асрор “Көсем” Ақпарходжаевқа қарсы. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек. Тәжірибе мен жастық IBA NOMAD 16 турнирінде Ташкентте тоғысады.

IBA NOMAD турниріндегі нокаутпен аяқталған сәтті дебюттен кейін Жалғас Жұмағұлов жаңа сынаққа дайын. Оның қарсыласы тәжірибелі әрі қауіпті қарсыластармен бәсекеге түсе алатынын дәлелдеп үлгерген жас әрі болашағы зор файтер Асрор “Көсем” Ақпарходжаев болады», – делінген IBA NOMAD-тың ресми анонсында.

Қазақстандық файтердің болашақ қарсыласы – ресейлік кәсіпқой боксшы әрі поп-ММА файтері. Ақпарходжаев Hardcore Boxing лигасының чемпионы атанған. Сондай-ақ ол Nomad FC, AllstarsBoxing және PRIME FL секілді промоушендердің жекпе-жектеріне қатысқан.

Еске салайық, маусым айында Жұмағұлов Словакияның Братислава қаласында өткен Oktagon 89 турнирінде жеңіл салмақтағы титул үшін бразилиялық Игор Севериноға қарсы октагонға шыққан болатын. Алайда жекпе-жек тоқтатылды және бразилиялық файтердің тыйым салынған әрекетінен кейін кездесу өтпеді деп танылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie