locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Қуат Хамитовтың ACA-дегі жекпе-жегі жарияланды

Қазақстандық файтер 30 қазанда Душанбеде өтетін ACA 209 турнирінде өнер көрсетеді
ФОТО: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың Тәжікстан астанасы Душанбеде өтетін ACA 209 турниріндегі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық спортшы 30 қазанда Тәжікстан астанасында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік файтер Алексей «Атаман» Махно (27-13) болады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді.

Айта кетейік, Қуат ACA ұйымындағы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қазан айында Дубайда өткен ACA 194 турнирінде өткізді. Бұл оның промоушендегі дебюті болды. Қазақстандық файтер үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Анатолий Бойконы жеңді.


Хамитов осыған дейінгі MMA ережесі бойынша соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда өткізді. Грузияда өткен кездесуде ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен бразилиялық Алан Силваны жеңді.

Еске салайық, 11 шілдеде Қуат Тбилисиде өткен RAF күрес лигасының турнирінде өнер көрсетті. Қазақстандық файтер UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік спортшыларының бірі Арман Царукянмен (23-3) белдесті. Жекпе-жек үшінші кезеңде Царукянның 11:0 есебіндегі мерзімінен бұрынғы айқын жеңісімен аяқталды. Армениялық спортшы техникалық басымдығының арқасында мерзімінен бұрын жеңімпаз деп танылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie