locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Махачевтің бапкері қалаған үш қарсыласын атады, олардың арасында Шавкат Рахмонов та бар

Хавьер Мендес шәкіртінің үш жекпе-жек өткізуін қалайды
ФОТО: коллаж

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес шәкіртінің келесі жекпе-жегінде кездескісі келетін үш файтерді атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Өткен айда Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады. Ресейлік спортшы ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Мендестің айтуынша, Ислам Махачевке қалаған қарсыластарының қатарында америкалық Майкл Моралес, бразилиялық Карлос Пратес және қазақстандық Шавкат Рахмонов бар.

«Ислам жекпе-жек өткізуге дайын. Өздеріңіз естідіңіздер, ол Рамазан айына дейін жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Пратеспен кездесеміз деп үміттенемін. Егер Пратеспен болмаса, басқа біреумен шығады. Жалпы, менің тізімімде үш адам бар: Моралес, Пратес және Шавкат. Исламның осы жігіттермен жұдырықтасқанын қалар едім. Егер үшеуін де жеңе алсақ, ешкімде күмән қалмайды. Айтар сөз де қалмайды. Оны мойындауға тура келеді», – деді Мендес Submission Radio-ға берген сұхбатында.

Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсанында шықты. Сол кезде қазақстандық файтер Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Одан кейін «Номад» тізесінен алған жарақатына байланысты қатардан шығып, оңалту кезеңінен өтті. Содан бері ол әлі бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie