locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Махачев пе? Илия Топурияның келесі қарсыласы анықталды

Топурия мен Пимблетт UFC-де үлкен жекпе-жек өткізуге келісті
Махачев пе? Илия Топурияның келесі қарсыласы анықталды
ФОТО: Getty images

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Илия Топурия мен британиялық Пэдди Пимблетт өзара жекпе-жек өткізуге келісті. Бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл текетірес енді октагонда шешілуі мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz UPFRONT MMA-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, екі спортшының өкілдері келісімшарт талаптарын өзара мақұлдаған. Дегенмен UFC әзірге бұл жекпе-жекті ресми түрде жариялаған жоқ. Өтетін күні, орны және турнир нөмірі кейін белгілі болады.

Бұл кездесу қос файтердің бұрыннан келе жатқан жанжалына байланысты ерекше қызығушылық тудырып отыр. Топурия мен Пимблетт бірнеше рет бір-біріне өткір мәлімдемелер жасап, олардың қарым-қатынасы қарапайым спорттық бәсекеден әлдеқашан асып кеткен. Енді олар мәселені тікелей октагонда шешуге жақын.

Топурия үшін бұл жекпе-жек кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілістен кейін қайта оралу мүмкіндігі болмақ. Илия соңғы рет 15 маусымда UFC Freedom 250 турнирінде Джастин Гэтжиге қарсы шыққан.

Америкалық файтер айқастың барысын өз пайдасына бұрып, төртінші раунд аяқталғаннан кейін Топурияның бұрышы кездесуді жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Илия мансабында алғаш рет жеңіліп, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен айырылды.

Осы жекпе-жектен кейін Топурияның көрсеткіші 17 жеңіс және бір жеңіліске жетті.

Ал Пимблетт соңғы жеңілісінің орнын айқын жеңіспен толтырды. 11 шілдеде UFC 329 турнирінде ол франциялық Бенуа Сен-Денимен кездесіп, айқасты алғашқы минутта-ақ аяқтады.

Британдық файтер тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласын бірінші раундтың 52-секундында берілуге мәжбүр етті.

Оған дейін Пимблетт қаңтарда UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте Джастин Гэтжиге төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген еді. Қазір Пэддидің еншісінде 24 жеңіс және төрт жеңіліс бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie