Махачев – Гэрри. Онлайн көру
16 тамыз күні таңертең Филадельфияда UFC 330 турнирінің көпшілік асыға күткен жекпе-жектерінің бірі өтеді. Кештің басты кездесуінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачев ирландиялық Иэн Гэрримен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
34 жастағы Махачев үшін бұл жаңа салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын алғаш рет қорғауы болмақ. Ресейлік спортшының еншісінде 28 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал Гэрри кәсіби мансабында 17 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілді.
Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында өткізді. Сол кезде ол Джек Делла Маддаленамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Ислам UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленді.
- Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Иэн Гэрри де октагонға соңғы рет 2025 жылдың қарашасында шыққан. Ирландиялық файтер жартылай орта салмақтың бұрынғы чемпионы Белал Мухаммадты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
Махачев – Гэрри жекпе-жегін қайдан көруге болады?
UFC 330 турнирінің негізгі карды 16 тамыз күні таңертең өтеді. Ислам Махачев пен Иэн Гэрри арасындағы титулдық жекпе-жек Астана уақытымен шамамен 08:00-де басталады. Турнирдің тікелей көрсетілімін UFC-дің ресми платформаларынан көруге болады.