Махачев таққа отырды. Ислам жартылай орта салмақта жаңа чемпион атанды
Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасы UFC 322 басты жекпе-жегінің куәсі болды. Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена жартылай орта салмақтың жаңа чемпионын анықтау үшін октагонға шықты және бұл айқас Махачевтің толық үстемдігімен өтті.
Басталған сәттен-ақ Ислам өз ойын міндеттеді: темпті бақылап, қашықтықты басқарып, тейкдаундар арқылы жекпе-жектің бағытын өзіне бұрды. Маддалена бірнеше рет қарсы шабуыл жасауға тырысқанымен, Махачевтің күресі мен қысымына төтеп бере алмады.
Партердегі эпизодтарда Ислам позициялық басымдықты үздіксіз сақтап, қарсыласына ешқандай кеңістік қалдырмады. Жекпе-жек бойы Махачев тактикалық артықшылықты қолынан шығармай, чемпиондық деңгейдегі суыққанды шеберлік көрсетті.
Бес раундқа созылған шайқастың финалында төрешілердің шешімі сұрақсыз болды: бір ауыздан 50–45 және Ислам Махачевтің жаңа салмақтағы айқын жеңісі.
Осылайша Махачев тарихқа екі салмақта жеңімпаз атанған жауынгер ретінде енді.


