Конор Макгрегор UFC турниріне Ақ үйде қатысатынын растады
Суперзвезданың оралуы
ММА
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images
Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор 2026 жылдың маусымында Ақ үй аумағында өтетін UFC турниріне қатысатынын мәлімдеді.
«Бұл – менің оқиғам. Қайта оралатыныма қатты қуаныштымын. Ақ үйдің көгалынан артық арена жоқ: дәл осында өз өнерімді көрсеткім келеді. Мен ерекше толқып тұрмын, жігерленгенмін және күш-қуатқа толымын. Бұл оқиға міндетті түрде болады», – деді Макгрегор.
Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Макгрегордың қатысуымен өтетін жекпе-жекті осы турнирде ұйымдастыруға ниетті екенін айтып, ирландиялық спортшы келісім береді деп үміт білдірген еді.
Сондай-ақ, Уайт UFC-дің басқа аңызының Ақ үйдегі турнирге қатысуын жоспарламағанын хабарлаған болатын.