IBA Nomad 16: Бакиров пен Жұмағұловтың жекпе-жектерін қайдан көруге болады
17 қазан, сенбі күні Өзбекстанның Ташкент қаласында IBA Nomad 16 турнирі өтеді. Оған қазақстандық 13 спортшы, оның ішінде Бекжан Бакиров пен Жалғас Жұмағұлов қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекжан Бакиров ресейлік Мұрад Халидовпен кездеседі. Бұл айқаста Халидовқа тиесілі IBA Nomad-тың ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Турнир Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады. Турнирдің тікелей трансляциясын Nomad Fighting YouTube арнасынан тегін көруге болады.
Жалғас Жұмағұлов Тәжікстан өкілі Асрор Акпархожаевпен кездеседі. Мұратбек Қасымбайдың қарсыласы ресейлік Залимхан Юсупов болады. Жекпе-жектер бокс ережесі бойынша, ММА қолғаптарымен өтеді.
Қарсыластар өткен жылдың мамыр айында да кездескен. Сол кезде жеңісті төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік файтер иеленген.