«Сибирь» — «Барыс»: ҚХЛ матчын онлайн көру
Сенбі, 17 қазанда астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы матчта сырт алаңда новосібірлік «Сибирьмен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матч Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
15 матчтан кейін «Барыс» 18 ұпай жинады. Ал «Сибирь» 16 ойыннан соң 15 ұпай еншіледі.
Алдыңғы матчта астаналық команда өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын 4:1 есебімен жеңді. Ал новосібірліктер қонақта Уфаның «Салават Юлаев» командасынан 4:2 есебімен басым түсті. Бұл жеңіс «Сибирь» үшін ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші жеңіс болды. «Барыс» соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.
Ағымдағы маусымда командалар бұған дейін өзара екі рет кездесті. Алғашқы матчта «Барыс» қарсыласын 7:1 есебімен ойсырата жеңсе, екінші ойында «Сибирьге» 2:3 есебімен жол берді.