«Барыс» пен «Сібір» текетіресінде кім алға шығады? ҚХЛ анонсы
«Барыс» тоғыз матчтан тұратын ұзақ сапарға аттанды. Бұл сапардағы алғашқы аялдама Новосібір болады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Осы маусымда қарсыластар бір-бірінен бір реттен басым түсті (1:7 – 3:2), соңғы рет олар 12 қазанда Қазақстан астанасында кездескен.
«Содан бері командалар бір-бір ойыннан өткізді. Ярослав Люзенков шәкірттері Уфада «Салават Юлаевты» (4:2) жеңіп, жеңісті сериясын үш ойынға жеткізді. Ал Михаил Кравецтің командасы өз алаңында «Автомобилистен» (4:1) басым түсіп, соңғы бес кездесудегі төртінші жеңісіне қол жеткізді», - делінген лига анонсында.
Сібірліктер 15 ұпаймен Шығыс конференциясының плей-офф аймағында тұр. «Барыстың» еншісінде үш ұпай артық, сондай-ақ қонақтар топ-3-тегі орнын сақтап қалу үшін күресуде. Алдағы ойынға қонақтардың шабуылшысы Тэйлор Бектің қатысуы сұрақ астында – ол алдыңғы кездесуді шағын жарақатына байланысты өткізіп алған.
Қорғаушы Даррен Диц «Сібір» құрамындағы үздік сұрмерген, үздік мерген әрі үздік пас беруші мәртебесін сақтап отыр (5+10), сондай-ақ ҚХЛ-дағы 100-ші шайбасын соғуға бір қадам қалды. Алаң иелерінің тағы бір қорғаушысы Иван Мищенко үшін келесі нәтижелі пасы Лигадағы 100-ші болады. «Барыстың» шабуылшысы Джастин Бэйли – тұрақты чемпионаттың үздік мергені және екінші үздік сұрмергені (10+8), ол қатарынан үш матчта ұпай жинап келеді (2+2).
«Сібір» ҚХЛ тарихында «Барысты» 38 рет жеңген, ал астаналықтардың еншісінде новосібірліктермен болған 31 жеңіс бар.