locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Біз бұл жағдайды реттейміз»: Садулаев Нурмагомедов пен Двалишвилидің төбелесіне қатысты пікір білдірді

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Абу-Дабидегі жаппай төбелестен кейін Ресей мен Грузия халықтарының арасында жанжал туындауына жол бермеуге шақырды.
ММА
«Біз бұл жағдайды реттейміз»: Садулаев Нурмагомедов пен Двалишвилидің төбелесіне қатысты пікір білдірді
Фото: Инстаграм

Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили қатысқан жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ресейлік балуан екі тарапты да қарсыластықты тоқтатуға шақырып, мұндай оқиғалар халықтар арасындағы араздыққа себеп болмауы керектігін атап өтті. Садулаевтың айтуынша, жағдайды екі тараптың да үлкендері реттеуге көмектеседі.

«Біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасында мұндай қақтығыстар болмауы керек. Біздің жақта да, олардың жағында да үлкендер бар. Ортақ мәмілеге келіп, бұл жағдайды реттейміз», - деді Садулаев.

Еске сала кетейік, жаппай төбелес 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған. Жанжал Мераб Двалишвили сұхбат беріп жатқанда, оған Усман Нурмагомедовтың келуімен басталды. Көп ұзамай спортшылар арасында төбелес шығып, оған екі команданың өкілдері де араласты.

Оқиғадан кейін Двалишвили алған жарақаттарын көрсетіп, Нурмагомедовтың командасын өзіне артынан шабуыл жасады деп айыптады.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie