locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Мартин Молдова – Қазақстан матчында кімге жанкүйер болатынын айтты

Маман командалардан жақсы ойын күтетінін атап өтті.
Эксклюзивтер
Андрей Мартин Молдова – Қазақстан матчында кімге жанкүйер болатынын айтты
Фото: Ордабасы

«Ордабасы» командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Мартин 13 қарашада Кишиневте өтетін Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы алдағы ойыннан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Біз екі-үш жыл бұрын Кишиневте кездескенбіз, сол кезде Қазақстан жеңіске жетті. Менің туған Молдовам ойнайды, тамаша Қазақстан, мен жақсы футболға жанкүйер боламын. Ең мықтысы жеңсін. Шынымды айтсам, бұл сұраққа жауап беру өте қиын, өйткені жүрегім мен жаным туған жерімде, үйімде. Бірақ тағы да қайталаймын: Қазақстан — мен үшін өте жақын ел, халқы жақсы, футболға жанкүйер боламын», - деді Андрей Мартин.

Айта кетейік, бұған дейін Андрей Мартин өзі жаттықтырған «Ордабасы» Қазақстан чемпионатында алтын медаль мен ел кубогын жеңіп алған табысты маусымнан кейін Шымкент клубының бас бапкері қызметінен кетті.

Еске салайық, Қазақстан мен Молдова құрамалары бұған дейін сегіз рет кездескен. Молдова құрамасының еншісінде төрт жеңіс болса, қазақстандықтар өзара ойындарда үш рет жеңіске жеткен, тағы бір кездесу тең аяқталған. Бұған дейін Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов ұлттық құраманың сәтсіз нәтижесін жанкүйерлер түсінбейтінін айтқан.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie