locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кравец «Барыстың» «Адмиралға» қарсы өз алаңындағы матчқа арналған құрамын жариялады

Астанадағы матчтың алғашқы ысқырығы 19:30-да естіледі
Хоккей
Кравец «Барыстың» «Адмиралға» қарсы өз алаңындағы матчқа арналған құрамын жариялады
ФОТО: ХК «Барыс»

12 қарашада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Астананың «Барысы» 9 ойыннан кейін алғаш рет өз мұз айдынында матч өткізеді. Қарсыласы — Владивостоктың «Адмиралы», деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Барыс» - «Адмирал»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады

Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға арналған құрамды жариялады.

«Барыстың» құрамы:

Шутов (Шепард);

Симонов - Морелли - Томпсон, Масси - Дэй;

Логвин - Пилон - Бэйли, Маккошен - Данияр;

Омирбеков - Шестаков - Кайыржан, Бритиков - Приски;

Саркенов - Шайхмедденов - Савицкий, Асетов - Оразов.

Осы маусымдағы ҚХЛ-дың 24 матчынан кейін «Барыстың» еншісінде 25 ұпай бар. «Адмирал» да 23 ойыннан соң осынша ұпай жинаған, алайда владивостоктық команда қосымша көрсеткіштер бойынша астаналықтардан төмен тұр.

Қарсыластар өткен аптада да кездескен. 6 қарашада Владивостокта «Адмирал» «Барысты» 5:4 есебімен жеңді.

Одан кейін Михаил Кравецтің командасы хабаровскілік «Амурдан» 0:2 есебімен ұтылды. Осылайша, «Барыстың» ҚХЛ-дағы жеңіліс сериясы үш матчқа жетті. Астаналықтарды жеңгеннен кейін «Адмирал» мұз айдынына шыққан жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie