«Қайта жүктеу»: ESPN Рахмоновтың жаттығуына осылай жауап берді
Қазақстандық MMA файтері Шавкат Рахмонов жаттығу барысынан кадрларымен бөлісе отырып, формасын қалпына келтіру мен октагонға қайтуға қызу дайындалып жатыр. Бұл Еуропа баспасөзінің назарынан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемге әйгілі ESPNMMA басылымы жақында «Номад» паблигінде жарияланған Шавкаттың соңғы жаттығу видеосына назар аударды.
«Қайта жүктеу», – деп Шавкаттың соңғы жазбасына ESPNMMA пікір қалдырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандық файтердің еншісінде 19 кәсіби жекпе-жекте 19 жеңіс бар. Соңғы кездесуінде Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді тізе бүктірген болатын.
Айтпақшы, бұған дейін жартылай орта салмақтағы (77 кг-ға дейін) UFC чемпионы, ресейлік Ислам Махачев бұл дивизиондағы бәсекелестік оның мотивациясына оң әсер ететінін мойындады. Октагонда кездесуге қарсы емес қарсыластарының қатарында Махачев Рахмоновты да атады. Қазақстандық спортшы жарақатынан кейін қалпына келу үстінде.
Ал Шавкаттың бапкері әрі DAR Team бас жаттықтырушысы Эдуард Базров Махачевтің болашақта жартылай орта салмақта күрделі жекпе-жектерге тап болатынын айтты.