locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Барыстың» ҚХЛ-дағы матчы қатал төбелеспен аяқталды

Тайс Томпсон мен Никита Лямкин Қазанда мұз үстінде жағаласып қалды
ФОТО: shaiba.kz

ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы «Ақ Барс» пен астаналық «Барыс» арасындағы матч төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазандағы ойынның соңғы сиренасынан кейін «Барыстың» шабуылшысы Тайс Томпсон мен алаң иелерінің қорғаушысы Никита Лямкин мұз үстінде жағаласып қалды. Хоккейшілер арасындағы жанжалдың видеосын төменнен көре аласыздар.


Еске салайық, астаналық клуб Қазанда «Ақ Барстан» жеңілді. Кездесу 1:4 есебімен аяқталды. Бұл Кравец шәкірттерінің ҚХЛ-дағы қатарынан үшінші жеңілісі болды.

Астаналықтар матчта есеп ашқанымен, кейін өз қақпасына төрт шайба жіберіп алды. Михаил Кравец командасының сапындағы жалғыз шайбаның авторы Всеволод Логвин болса, алаң иелері қатарынан Дмитрий Кателевский, Григорий Денисенко, Митчелл Миллер және Кирилл Семёнов мергендік танытты.

10 матчтан кейін «Барыс» 10 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. 2 қазанда астаналық команда сырт алаңда «Нефтехимикке» қарсы ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie