locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФОТО: ҚХЛ-дағы қатарынан үшінші жеңілістен кейінгі «Барыстың» турнирлік жағдайы

Михаил Кравец шәкірттері Шығыс конференциясындағы бесінші орнын сақтап қалды
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы кезекті матчта сырт алаңда Қазанның «Ақ Барсына» есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астаналық команда Қазанда «Ақ Барстан» жеңілді — 1:4. Бұл жеңіліс Кравец шәкірттері үшін ҚХЛ-дағы қатарынан үшінші сәтсіздік болды. Бұған дейін Қазақстан хоккейінің флагманы өз алаңында СКА мен «Нефтехимикке» жол берген еді.

Сәтсіздікке қарамастан, Михаил Кравец командасы Шығыс конференциясындағы бесінші орнын сақтап қалды. «Барыстың» 10 матчтан кейінгі қоржынында 10 ұпай бар.

Шығыста 17 ұпаймен магнитогорскілік «Металлург» көш бастап тұр. Үздік үштікке сондай-ақ «Нефтехимик» пен «Ақ Барс» (әрқайсысы 15 ұпай) кірді. 13 ұпайы бар «Салават Юлаев» төртінші орында.

2 қазанда астаналық команда сырт алаңда «Нефтехимикке» қарсы ойнайды. Нижнекамскідегі матчтың басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 21:00-де соғылады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie