locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазаннан ұпайсыз: «Барыс» есеп ашқанына қарамастан, «Ақ Барсқа» есе жіберді

Астаналықтар үшін екінші кезеңнің сәтсіз басталуы шешуші болды
Қазаннан ұпайсыз: «Барыс» есеп ашқанына қарамастан, «Ақ Барсқа» есе жіберді
ФОТО: «Барыс»

Астаналық «Барыс» Континенттік хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы матчта қазандық «Ақ Барстан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчта есепті алғаш болып Михаил Кравец шәкірттері ашқанымен, олар басымдығын екінші кезеңнің басына дейін әрең сақтады. Осы тұста «Ақ Барстың» шабуылы бар күшін көрсетіп, екі жарым минутқа жетер-жетпес уақытта «Барыс» қақпасына қатарынан үш шайба соқты.

Кравец қақпашыны да ауыстырып, Андрей Шутовтың орнына Хантер Шепардты шығарды. Алайда америкалық қақпашы өз қақпасын шайбадан сақтай алмады: ол матчтың соңында тағы бір гол жіберіп алып, есепті ірі етті — «Ақ Барс» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазандық клуб «Барыстан» бес ұпайға ұзап кетті.

Хоккей. ҚХЛ, тұрақты чемпионат

«Ақ Барс» (Қазан) – «Барыс» (Астана) 4:1 (0:1, 3:0, 1:0)

0:1 - Логвин (Дэй, Симонов) - 08:53
1:1 - Каталевский (Якупов) - 21:54
2:1 - Денисенко (Яруллин, Евсеев) - 23:20
3:1 - Миллер (Лямкин, Якупов) - 24:14
4:1 - Семенов (Денисенко, Яруллин) - 59:14 ПВ

Қақпашылар: Билялов - Шутов (Шепард, 24:14 - 60:00)

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie