«Мен барлығына себептердің шындығын айтамын»: Роналду Португалия құрамасынан кеткенін растады
Криштиану Роналду Португалия құрамасының лагерінен ұлттық команда бас бапкері Жорже Жезуштың мәлімдемелеріне жауап ретінде кеткенін растады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шабуылшы Instagram парақшасында мәлімдеме жасап, кетіп қалғанын растады. Сонымен қатар ол бар шындықты ашып айтуға уәде берді:
«Ұлттық құраманың бас бапкері өткізген баспасөз конференциясынан кейін және Португалия футбол федерациясының президентімен болған әңгімемді жалғастыра отырып, ұлттық құраманың орналасқан жерінен кету туралы шешім қабылдадым.
Уақыты келгенде ұлттық құрамадан кетуге итермелеген себептердің шындығын барлық португалдықтарға айтып беремін. Мен ұлттық құрамаға әрдайым барымды салып келдім. Ал қазір Португалияға және командаластарыма, ешкімді бөліп-жармай, сәттілік тілеудің уақыты келді», — деді Роналду.
Еске салайық, форвардтың бұл демаршы Жезуштың жақында айтқан сөздерінің салдары болды. Бапкер Роналдудың алаңға шықпауын оның командадағы басты жұлдыз еместігімен түсіндірген еді.