ВИДЕО: «Барыс» «Металлургтен» қалай ірі есеппен жеңілді
Астаналық команда сырт алаңда 0:3 есебімен жеңілді
ФОТО: «Барыс»
«Барыс» Магнитогорскіде «Металлургтен» ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық команда сырт алаңда 0:3 есебімен жеңілді. Михаил Кравец шәкірттері бірінші кезеңде толықтай сәтсіз өнер көрсетіп, жауапсыз үш шайба өткізіп алды. Астаналық команданың қақпасына кезекпен Хабаров, Коробкин және Михайлис гол соқты.
Осы жеңілістен кейін «Барыс» Шығыс конференциясында алты ұпаймен бесінші орында қалды.
20 қыркүйекте Кравец командасы Ярославльдің «Локомотивіне» қарсы ойнайды. Ал сырт алаңдағы ойындар сериясын 22 қыркүйекте Мәскеуде «Динамоға» қарсы матчпен аяқтайды.
Назарларыңызға «Барыстың» «Металлургтен» жеңілген матчының бейнешолуын ұсынамыз.