«Қайрат» легионері Ұлттар лигасындағы матчтарға ұлттық құрамаға шақырту алды
Ойва Юккола Финляндия құрамасы сапында ойнауға мүмкіндік алады
ФОТО: kffleague
«Қайрат» легионері Ойва Юккола Финляндия құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алматы командасының жартылай қорғаушысы УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтарына Финляндия құрамасына шақырылды.
Финляндия құрамасының Ұлттар лигасындағы күзгі матчтарының кестесі:
26.09 | 21:00 - Сан-Марино
29.09 | 23:45 - Беларусь
03.10 | 18:00 - Албания
06.10 | 23:45 - Беларусь
24 жастағы Юккола алматылық клубтың ойыншысы атанды және 2026 жылдың ақпанында-ақ Рафаэль Уразбахтин командасындағы маңызды футболшы мәртебесіне ие болды. Ойво Финляндия құрамасы сапында төрт матч өткізді.
Бұған дейін Ван’т Схиптің «Астанаға» қарсы даулы матчтан кейін «Қайрат» ойыншысына қатысты шешім қабылдағаны хабарланған болатын.