locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Нефтехимикке» қарсы камбэктен кейін «Барыстың» екі ойыншысы матчтың үздік үштігіне енді

Гарретт Пилон мен Семен Симонов «Нефтехимик» – «Барыс» кездесуінің үздік үш ойыншысының қатарына кірді
«Нефтехимикке» қарсы камбэктен кейін «Барыстың» екі ойыншысы матчтың үздік үштігіне енді
ФОТО: ҚХЛ

Құрлықтық хоккей лигасы Нижнекамскінің «Нефтехимигі» мен астаналық «Барыс» арасындағы тартысты кездесудің үздік үш ойыншысын анықтады. Үздіктер қатарынан бірден «Барыстың» екі хоккейшісі орын алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың басты қаһармандарының бірі Гарретт Пилон болды. Канадалық шабуылшы «Барысты» негізгі уақыттағы жеңілістен құтқарып қалды. Соңғы сиренаға 12 секунд қалғанда астаналықтар қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырды. Осы мүмкіндікті Пилон тиімді пайдаланып, есепті 4:4-ке теңестірді.

Матчтың тағы бір жұлдызы Семен Симонов атанды. Ресейлік шабуылшы екінші кезеңде Тайс Томпсонның шайбасына нәтижелі пас берсе, овертаймда жеңіс шайбасын соқты. Симонов кездесуді 1+1 көрсеткішімен аяқтады.

Үздік үштікті «Нефтехимик» шабуылшысы Андрей Белозеров толықтырды. Ол екінші кезеңнің басында гол соғып, алаң иелерін 2:1 есебімен алға шығарған еді.

«Барыс» үшін матч өте қиын өтті. Үшінші кезеңде Михаил Кравец командасы 2:4 есебімен ұтылып жатты. Алайда астаналықтар ойын барысын өзгерте алды. Алдымен Әлихан Өмірбеков есеп айырмасын қысқартты, кейін Пилон соңғы секундтарда таразы басын теңестірді, ал Симонов қосымша уақытта жеңіс нүктесін қойды.

Кездесудің қорытынды есебі – 5:4, «Барыстың» пайдасына.

Бұл жеңіс астаналық клубқа қатарынан үш матчқа созылған сәтсіз сериясын тоқтатуға мүмкіндік берді. 11 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 12 ұпай бар және команда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында бесінші орында тұр.

Келесі кездесуін Михаил Кравец шәкірттері 4 қазанда Мәскеуде «Спартакқа» қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie